Ақорда: Елбасының жұмыс кестесіне жуық арада өзгерістер енгізу жоспарланбаған

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жұмыс кестесіне жуық арада өзгерістер енгізу жоспарланбаған.

Бұл туралы Ақорданың Фейсбуктегі парақшасында хабарланды.

«Президенттің Баспасөз қызметі қазіргі уақытта Мемлекет басшысының G-20 саммитіне қатысу үшін ҚХР-да жұмыс сапарымен жүргенін хабарлайды. Елбасының жұмыс кестесіне жуық арада өзгерістер енгізу жоспарланбаған», делінген хабарламада.

khabar.kz