«Мерейлі отбасы» байқауының финалистеріне дауыс беру басталды

Бүгін 2016 жылғы «Мерейлі отбасы» байқауының финалына өткен қатысушыларға дауыс беру басталды.

2-9 қыркүйек аралығында 6284 қысқа нөміріне хабарлама жіберу және 8 803 080 0001, 8 803 080 0016 телефонына қоңырау шалу арқылы жеңіске лайықты отбасыны таңдай аласыз. KazTube порталында да дауыс беруге болады.

Айта кетейік, «Мерейлі отбасы» байқауы аудандық (қалалық), облыстық және республикалық 3 кезеңнен тұрады. Байқаудың финалы – республикалық кезеңге әр аймақ пен Астана және Алматы қалаларынан 16 отбасы өтті.

Естеріңізге сала кетейік, «Мерейлі отбасы» байқауының күнделіктерін бүгіннен бастап 20.15-те «Хабар» арнасынан көре аласыздар. 

Ақпарат көзі: BNews.kz

khabar.kz