Астанада ауыл шаруашылық өнімдерінің апта сайынғы жәрмеңкелері басталады

Астанада Қазақстан өңірлері тауар өндірушілерінің ауыл шаруашылық өнімдерінің апта сайынғы жәрмеңкелері басталады. Бұл туралы Астана қаласының ресми сайтында мәлім болды.

Алдағы демалыста (3-4 қыркүйекте) Қызылорда облысы тауар өндірушілері елорда тұрғындары мен қонақтарына өз өнімдерін ұсынады. Жәрмеңке Б. Момышұлы даңғылындағы Оқушылар сарайының тұрағында өтеді.

Жәрмеңкеге келушілерге 400 тоннаға жуық 50-ден астам өнім түрі ұсынылады. Атап айтқанда, балық, көкөністер, жемістер, сүт өнімдері, кондитерлік және шұжық өнімдері және т.б. Жәрмеңкедегі бағалар базардағыдан 15–20 % төмен болады.

Қызылорда облысынан кейін жәрмеңкелер эстафетасын Алматы облысы жалғастырады. Сауда-саттық демалыс күндері Б. Момышұлы даңғылындағы Оқушылар сарайының тұрағында (Қызылорда облысы 3-4 қыркүйек, Алматы облысы 10-11 қыркүйек, БҚО 17- 18 қыркүйек, Жамбыл облысы 24- 25 қыркүйек, Ақтөбе облысы 1-2 қазан, Қарағанды облысы 8-9 қазан, Қостанай облысы 15-16 қазан және Солтүстік Қазақстан облысы 22-23 қазан), сондай-ақ, «Хан Шатыр» СОО тұрақ аумағында (Атырау облысы 17-18 қыркүйек, Павлодар облысы 24-25 қыркүйек, Маңғыстау облысы 1-2 қазан, ШҚО 8- 9 қазан, ОҚО 15- 16 қазан, Ақмола облысы 29-30 қазан) қазан айының соңына дейін өткізіледі.

 

khabar.kz