Эрмина дауылы Флориданың солтүстігіне қауіп төндіруде

Араға 11 жыл салып, Флориданың солтүстігін Эрмина дауылы жайлады. 

 

Кеше, яғни 1 қыркүйек күні Американың Джорджия, Флорида және Северная Каролина штаттарында төтенше жағдай режимі енгізілген болатын. 

Желдің жылдамдығы қазір сағатына 130 шақырымға жетті. 

Флорида астанасы Таллахасси қаласында қазірдің өзінде 70 мың тұрғын үй жарықсыз қалған. 

Метеорологтар аймақта су тасқынының қаупі барын айтып, дабыл қағуда. 

Айта кетейік, соңғы рет Флориданы 2005 жылдың қазан айында Уилма дауылы жайпап, салдарынан 5 адам қаза тапқан.

Табиғаттың тосын мінезі 25 миллиард доллар көлемінде шығын келтірген. 

khabar.kz