Пәкістанда жанкешті өзін-өзі жарып, 11 адам қаза болды

Пәкістанның Мардан қаласында жанкешті өзін-өзі жарып жіберді. Салдарынан оқиға орнында 11 адам мерт болып, 30-ы жараланған. 

Қылмыскер жарылғыш затты іске қоспас бұрын алдымен гранат лақтырған көрінеді. 

Қаза тапқандардың арасында заңгерлер, офицерлер мен өзге де азаматтар бар. 

Сондай-ақ бүгін тағы да 4 жанкешті Пешавараның христиандар тұратын ауданында шабуыл жасамақ болған. Алайда ойға алған істері жүзеге аспай, полицейлердің қолынан қаза тапқан. 

Айтып өтейік, шабуылдың екеуі де елдің солтүстігіндегі Хибер Пахтуква провинциясында болған. 

khabar.kz