Қазақстан ТОН-2 мұнай құбырының жөндеу жұмыстарын толық аяқтады

Тұймазы-Омбы-Новосібір-2 (ТОН-2) магистральді мұнай құбырының 185,6 км созылған қазақстандық телімі құбыр желісінің жөндеу жұмыстары толық аяқталды.

ТОН-2 толық жөндеу жұмыстары қазақстандық телім арқылы мұнай тасымалының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, отандық мұнайды Павлодар мұнай-химия зауытына жеткізу және Қазақстан территориясы арқылы ресейлік мұнайды ҚХР бағытына тасымалдау мақсатында жүргізілді.

«Тұймазы-Омбы-Новосібір-2 (ТОН-2) магистральді мұнай құбырының қазақстандық телімінің сызықтық бөлігін толықтай алмастыру бойынша тағы бір жоба аяқталды. Өткізілген жөндеу жұмыстарының нәтижесінде қазақстандық телімінің құбыр желісінің мұнайды өткізу қуаттылығы жылына 7 млн тоннадан 10 млн тоннаға дейін ұлғайып, оның транзиттік әлеуетін барынша арттыруға септігін тизігді», – деді «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Димаш Досанов.

Толықтай жөндеу жұмыстарының жоғары сапалығы тәуелсіз техникалық қадағалаумен дәлелденді. Жұмыстар Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары мен ережелеріне сай өткізілді.

Жоба құны 32 млрд теңгеден асады. Іске қосу актісіне қол 2016 жылдың 29 тамызында қойылды.

khabar.kz