Елордада Оқушылар сарайында ашық есік күні өтеді

4 қыркүйекте М.Өтемісов атындағы Оқушылар сарайында оқу жылының басталуына орай мерекелік шара өтеді. Балалар мен ата-аналар мерекелік бағдарлама мен робототехника жұмыстарын, басқа да көп қызықты тамашалайды.

Ашық есік күні әдеттегідей қыркүйек айының бірінші жексенбісіне белгіленіп отыр.

Қонақтарды «Лим-по-по» студиясының көңілді аниматорлары қарсы алады. «Бәйтерек», «Джамбо», «Алтын дән» хореографиялық ансамбльдері, «Юность Астаны», «Звездный час», «Гүлдәурен» вокалдық студиялары өз өнерлерін ортаға салып, көпшілікті қуантпақ.

Сарай алдындағы алаңда шеберлер қалашығы орналасады. Көрермендер назарына жас суретшілердің үздік еңбектерінің экспозициясы, кілем, моншақ тоқу шеберлерінің, сондай-ақ жас мүсіншілердің туындылары ұсынылады.

Спорт пен техникаға әуес жандар каратэ-до секциясы шәкірттерінің көрнекі қойылымдарын тамашалап, «Белая ладья» үйірмесінің шахмат турниріне қатысады. Робототехника жұмыстарын көреді.

Педагогтар өз секциялары мен үйірмелерін таныстырып, барлық сұрақтарға жауап береді.

Еске салайық, Оқушылар сарайында лингвистика, вокалдық, бейнелеу шығармашылығы, хореография, театр және цирк, интеллектуалды, спорттық-сауықтыру бағыттар бойынша білім береді.

Қазіргі кезде сарайда 60 артық үйірме бар. Секциялар түрлі жас санаттарына бөлінген. Оларға 3 жастан асқан балаларды қабылдайды.

Айта кетейік, «Лим-по-по» театр студиясы бірінші сынып оқушыларын 12-24 қыркүйек аралығында  «Көңілді сабақтар» интерактивті қойылымына қатысуға шақырады. 

Дереккөз: astana.gov.kz

khabar.kz