Дәйекті сан: Қазақстаның барлық мектептері жаңа оқу жылына дайын

Олардың бәрі қажетті көлемде оқулықтармен қамтылды. «Биыл кітап тапшылығы болмайды», – дейді салалық министрлік өкілдері. 

Білім саласына қатысты дәйекті сандарды сөйлетсек. Достық Талғатұлы жалғастырады. 

Биыл Қазақстан бойынша үш миллионға жуық бала мектепке барды. Оның ішінде 380 мыңнан астамы мектеп формасын алғаш киген екен. Неге дейсіз ғой? Өйткені бұл балалар мектеп табалдырығын алғаш рет аттаған. 

Ал өңірлер арасында ең көп оқушы қабылдағаны – Оңтүстік Қазақстан облысы. Аймақта 74 мыңға жуық бала мектепке барды. 

Айта кетейік, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай облыста осы жылы жаңа 25 білім ұясы қолданысқа берілді.

Графика 1:

Республика бойынша: 2,8 млн оқушы

1-сынып: 380 265 бала 

ОҚО - 74 мың бала

Сөйтіп мектеп саны бойынша ОҚО бірінші орында орналасқан. Одан кейін Алматы – 7 мектеп. Ақтөбе мен Жамбыл облыстарында 5 мектептен салынды.

Ал жалпы Қазақстан бойынша бүгін 61 мектепте алғаш рет қоңырау соғылды. 31-і үш ауысымды мектептер мәселесін шешуге арналған. 29-ы апатты мектептердің орнына салынғаны. Оқу мекемелері тапшылығын жою үшін 14 нысан тұрғызылған. 

Айта кетейік, Білім күнін Қазақстан бойынша бүгін 7126 мектеп атап өтті. 

Балаларды мектепке дайындауда арзан емес екені белгілі. Елімізде сегіз жылдан бері «Мектепке жол» акциясы жұмыс істеуде. Қайырымдылық шара барысында жыл сайын 300 мың балаға көмек көрсетіледі. 

Мәселен, өткен жылы 318 мыңнан астам оқушы мектепке қажетті заттармен қамтылды. Бұл мақсатқа 2 млрд теңге жұмсалды. 

Ал биылдың қорытындысы әзірге жоқ. Себебі қайырымдылық шарасы қыркүйек айының соңына дейін жалғасады. 

Графика 2:

318 026 оқушы.

2 млрд теңге.

khabar.kz