Қос тілде сабақ беретін мұғалімдердің жалақысы көбейтіледі

Ұстаздар үшін жағымды жаңалық. Бүгін Білім және ғылым министрі елордадағы алғашқы қоңырау шарасына қатысқанда, қос тілде сабақ беретін мұғалімдердің жалақысы көбейтілетінін айтты.

Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі

-Биыл жаңа ережелер енгізілуде. Мұғалімдер біліктіліктерін өсіргенде, жалақысы да өседі. Ал екі тілде сабақ беретін мұғалімдердің табыстарын өсіру жоспары жайлы нормативтік құжаттар дайын болған соң бәрін құлаққағыс етеміз.

khabar.kz