Өз міндетін уақытылы орындамаған 2 мердігерді Орал қалалық әкімдігі сотқа берді

Бұл қос компания қала ішіндегі жолдарды жөндеумен айналысқан. Есқалиев көшесіндегі ұзындығы 2,5 шақырымдық жол бөлігі төселіп бітті. Бірақ мердігер оны жобада көрсетілген мерзім ішінде тапсырып үлгермеді. 

Ал «Астана» мен «Жаңа Орда» ықшам аудандарының арасындағы жаңа көшенің құрылысы өткен жылы басталған. Ұзындығы – 1 шақырым 400 метр.

Бұл жолдың жартысы былтыр жасалды. Биыл екінші бөлігі жөнделуде. Мердігер Әбілхайыр хан даңғылынан Желаев тасжолына дейінгі аралықты тамыз айында тапсыруы тиіс еді. Алайда жол әлі асфальтталмаған.

«Компаниялар заңға сай, жауапкершілікке тартылады», – дейді қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде.

Бекжан Тоғжанов, қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары

-Асфальт төсеген жоқ. Қазіргі кезде бордюр қойылып, қиыршық тас жолға жайып жатыр. Сонымен қатар жаяу жүргіншілер жолын жасап жатыр. Енді недобросовестныйлардың тізіміне енгізіледі, сосын екі жыл бойы бұл мекемелер тендерге қатыса алмайды. Ешқандай жұмыс ала алмайды.

khabar.kz