Ішкі істер саласында ілгерілеу бар

Үкіметтің алдына Елбасы қойған міндеттердің бірі – халықтың қауіпсіздігі. Ол бүгін де осыны тағы бір еске салды. 

Ішкі істер саласында ілгерілеу бар. 100 нақты қадам-Ұлт жоспары шеңберінде құрылған жергілікті полиция жұмысы да қылмыстардың азаюына септесуде.

Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов полицияның атқарған жұмысы жайлы осылай деді. 

Биылғы жарты жылдың көрсеткіші бойынша қылмыстардың 15 пайыздан астамының ашылуына жол-патрульді полицейлері көмектескен. 

Жол-көлік оқиғалары 2 пайызға азайып, ондағы өлім-жітім көрсеткіші кеміген. Жергілікті полицияда 25 мың қызметкер істейді.

Қалмұханбет Қасымов, ҚР Ішкі істер министрі 

-Жергілікті полицияның міндеті – қоғамдағы қауіпсіздікті сақтау мен жол бойындағы тәртіпті қадағалау. Дегенмен, барлығын оларға артып қоюға болмайды. Бұған өңірлердегі жергілікті билік қолұшын созып, бірігіп жұмыс жасау қажет. Ал жергілікті полицияның атқарған жұмысына әкімшілік полиция комитеті тікелей жауап береді.


Астана тұрғындары ауа райының жайсыз метеожағдайлары жайында ақпаратты дер кезінде біле алады. 

Бұл мүмкіндіктер интеллектуалдық байланыс орталығының арқасында қолжетімді болып отыр. 

Осы секілді «Астана Innovations» жүзеге асырып келе жатқан «Қaуіпсіз қала» жобасының соңғы жетістіктерімен Үкімет басшысы танысты. Және интеллектуалдық байланыс орталығы арқылы елордалықтар коммуналдық-тұрмыстық қызмет туралы ақпарат ала алады.

khabar.kz