Шығыс Қазақстан облысында ауыр техниканы нағыз шебер жүргізеді

«Бақыршық» кен орнында жұмыс істейтін экскаватор жүргізушілері мәнерлеп жүру шеберлігін көрсетіп, көптонналы техникамен боулинг ойнады. 

Олар 30 тоннадан асатын шөмішпен еш қиналмастан ағашқа шеге қағу, қазыққа ілінген дулығаларды көтеру шеберлігін көрсетті. 

Түскі үзіліс пен мереке күндері өтетін мұндай жарыстар жұмысқа кедергі келтірмейді.  

khabar.kz