Қазақша сөздердің электрондық қоры жасалды

Қазақ тіліндегі сөздерді дұрыс, яғни орфографиялық қатесіз жазу үшін енді көмекші құрал ретінде жаңадан ашылған тіл-әлемі.кз порталын пайдалана аласыз. 

Егер сөз қате жазылса, асты қызыл сызықпен көрсетіледі. Жобаны жасаушылар: «Бұл әсіресе жарнама жасауда қателікке жиі бой алдыратындар үшін таптырмас дүние», – дейді. 

Себебі қазақша мәтіндерді интернетте тексерудің мұндай әдісі бұрын болмаған.

Сондай-ақ елімізде тұңғыш рет терминдер мен ономастикалық атаулардың да электрондық қоры жасалынды. Әрқайсысында жүз мыңнан астам сөз бар. Қандай да бір кәсіп ашсаңыз, қазақи дұрыс атауды осында табуыңызға болады.

Ербол Тілешов, Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің орталық директоры 

-Мысалға, балабақшаның атын «Балуса» қойыңыз, дүкеннің атын «Сыбаға» қойыңыз деген сияқты қазақтың әдемі сөздерін береміз. Сол салаға сұранып тұрған сөз беріледі. Олар өздері басқа саланың иесі болғаннан кейін бизнес саласының мамандары қазақ мектебінде оқымаған болуы мүмкін.

khabar.kz