Елордада «Қазақ тілінен диктант» байқауы өтті

Бүгін Астанада Қазақ және орыс тілдері департаменті мен «Креативті қазақ тілін оқыту» орталығының ұйымдастыруымен «Қазақша диктант» байқауы өтті.

Мақсат – грамматикалық сауаттылықты арттырып, ана тілдің қолдану аясын кеңейту. Диктантқа тілек білдіруші қала тұрғындары мен Қазақ гуманитарлық заң университетінің профессорлық-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер және студенттер қатысты. Байқаудың нәтижесі 3 күн аралығында жарияланады. Жеңімпаздар түрлі сыйлықтармен марапатталады.

khabar.kz