Астаналықтар көмірді қайдан алуға болатынын «жедел желі» арқылы біле алады

Үйлерін көмірмен жылытатын тұрғындар шаһарға қатты отыннын қай кезде жеткізілетінін және қай жерде сатылатыны туралы ақпаратты мына телефон номерлері арқылы біле алады: +7-778-794-97-88, +7-702-800-77-37, 55-69-17, 55-68-99.

Қыркүйек айында Астана қаласына 46,7 мың тонна қатты отын жеткізілген.

Алдыгүні елордаға 5 600 тонна «Шұбаркөл» көмірі жеткізілді. Осы күндері тағы 5 мың тонна жеткізіледі.

1 қыркүйек пен 11 қазан аралығында қалаға 46 726 тонна қатты отын жеткізілген (Шұбаркөл – 8 349, Қаражыра – 16 704, Майкөбе – 21 673 тонна). Жалпы алғанда 667 вагон көмір. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 30%-ға жоғары.

Астана қаласы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Рысгүл Қауғабаеваның айтуынша, Астана қаласында көмір тапшылығы жоқ.

«Қазіргі күні кен орнынан артылған 7 мың тонна көмірдің 5 600 тоннасы Астанаға жеткізілді. Екі күн ішінде тағы 5 мың тонна көмір жеткізіледі. Күн сайын «Шұбаркөл» көмір түрінен қалаға 1,5 мың тонна жеткізілетін болады. Біз апта сайын мониторинг жүргізіп отырмыз. Жалпы алғанда қаламызда көмір тапшылығы жоқ», – деді Рысгүл Қауғабаева.

Айта кетейік, қала бойынша көмір сататын 15 орын бар. Оның ішінде 7-і ірі сатылым орындары. Сондай-ақ елордада коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждық үшін көмір қабылдайтын 20 шақты орын бар.

Көмірдің бір тоннасы орта есеппен 11 800 теңге.

Ақпарат көзі: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

khabar.kz