Астанада «Жер-2017» республикалық оқу-жаттығуы өтіп жатыр

Астанадағы «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында» құтқару қызметі мамандарының «Жер-2017» республикалық оқу-жаттығуы өтіп жатыр.

Оның барысында саладағы тың техникалар таныстырылып, құтқарушылардың қарым-қабілеті пысықталады.

Гүлмайра Қуатбайқызы, тілші:

-Оқу-жаттығудың жоспарына сәйкес, бүгін Жамбыл облысында шартты түрде 9 балдық жер сілкінісі болды. Зілзаладан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін Астанадан 2 мың адам, 400 техника жұмылдырылған.

Олардың құрамында жедел медициналық қызмет, құтқарушылар және өрт сөндірушілер бар. Құтқару тобы теміржол және әуе көлігі арқылы табиғи апат болған жерге бағыт алды. Бүгінгі жаттығу барысында әрбір әрекет пысықталуда.

Марат Құндақбаев, Жалпы жəне өндірістік қауіпсіздік департаментінің директоры:

-Қазір сценарий бойынша апатты ұшақ қонды. Оның моторы жанған. Ендігі біздің мақсатымыз құтқарушылар мен өрт сөндіру тобын жұмылдырып, өртті сөндіру және адамдарды құтқару керек.

«Жер-2017» оқу-жаттығулары 3 жылда бір рет ұйымдастырылады. Ондағы басты мақсат – зілзала және табиғи апаттардан зардап шеккен өңірлерге бірден көмек көрсету.

khabar.kz