АҚШ ЮНЕСКО ұйымынан шығады

АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті БҰҰ-ның арнайы құрылымы ЮНЕСКО-ға ұйымнан шығатыны туралы ресми хат жіберді.

Шешім келесі жылдың 31 желтоқсанында күшіне енеді. АҚШ-тың мұндай қадамына халықаралық ұйым қарызының ұлғаюы, реформаның жүргізілмеуі және Израильге қарсы позициясы алаңдаушылық туғызып, түрткі болған. Алайда америкалық тарап ұйым жұмысына бақылаушы ретінде қатысып, атсалысқысы келетінін атап өткен. Ал ЮНЕСКО басшылығы АҚШ-тың шешіміне өкінішін білдірді.

Айта кетейік, ЮНЕСКО бұл – БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет мәселесімен айналысатын арнайы құрылымы. 1945 жылы құрылған ұйымға бүгінде әлемнің 200-ге жуық елі мүше.

khabar.kz