«Бақытты бала» әлеуметтік зерттеуі қорытындыланды

Балалардың 47 пайызы өздерін көшеде, аулаларда қауіпсіз сезіне алмайды.

Бүгін «Бақытты бала» әлеуметтік зерттеулер жобасы аясында өткізілген сауалнама қорытындыланды. Дегенмен балалар қоғамдық келісім, діни сенімді биік қоятындарын айтқан. Алайда олардың тең жартысы оқыс оқиға кезінде 111 сенім телефонына хабарласуға болатынынан бейхабар болып шықты. Ауылда тұратын және толық отбасында өмір сүріп жатқан 8-12 жас аралығындағы балалар өздерін аса бақытты сезінеді екен.

Зағипа Балиева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкілі:

– Жастар отбасын көтерген кезде, оны сақтап қалуды ойлау керек. Себебі жастардың ажырасуы балаларға теріс әсер етеді, олар өздерін нашар сезінеді.

khabar.kz