Ақтауда тіл мамандары латын әліпбиіне байланысты жобаларын ұсынды

Латын әліпбиінің ыңғайлы нұсқасын таңдауда ел пікірі ескеріледі.

Сондықтан да әрбір тіл жанашыры мемлекеттік тілді латын алфавитіне көшіру ісіне үлес қоса алады. Ақтауда өткен «Қазақ әліпбиін латын әріптерімен таңбалаудағы ерекшеліктер» атты халықаралық конференцияда ұлттық комисия мүшелері осындай пікір білдірді. Әзербайжан, Түркия мен еліміздің әр өңірінен жиналған ғалымдарға латын әліпбиінің Елбасына ұсынылған жаңа нұсқасы таныстырылды. Көпшілік кей дыбыстардың дәйекше арқылы берілген бұл нұсқаның оқуға да, жазуға да ыңғайлы екенін айтуда. Ғылыми-теориялық конференция барысында бірқатар тіл маманы әліпбиге байланысты өз жобаларын да ұсынды.

Ерден Қажыбек, А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры: 

– Осы мәселеге нүкте қойып, соңғы шешімін айтатын халық екенін Президент өз сұхбатында айтқан. Маңғыстау әкімдігі келелі мәселеге республика деңгейіндегі басқосуды ұйымдастырып отыр. Елмен ақылдасу үшін келіп отырмыз. Өйткені біздің шешуші пікірге ие – біздің халқымыз. Сондықтан өңірлік жиындар жан-жақты өткізіледі. Бұл мәселе жан-жақты қаралады, кейін ыңғайлы әрі дұрыс нұсқаға тоқтайтынымызға сеніміміз кәміл.

khabar.kz