ШҚО-да туризм ірі табыс көзіне айнала бастады

Биыл Шығыс Қазақстан облысына 10 мыңнан астам турист келген.

Тек Алакөл курорттық аймағынан биыл салыққа 19 миллион теңге түскен. Аймақта туристік саланы дамытудың жол картасы жасалды. Ол бойынша  2017-2023 жылдар аралығында жалпы сомасы 18 миллиард теңгені құрайтын 26 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Елдегі туризмді дамытудың 2023 жылға дейінгі республикалық тұжырымдамасына сәйкес, «Алтай інжу-маржаны» кластері құрылмақ. Бұл – еліміз бойынша жүзеге асатын 6 жобаның бірі. Өскемен осы кластердің орталығы болады. Негізгі туристік бағыттар Берел қорғандары, Зайсан көлі, Катонқарағай ұлттық паркі және Алакөл курорттық аймағы мен Абай ауданындағы Жидебай кешені белгіленіп отыр. Енді осы саладағы мамандар алыс-жақын шетелден келетін туристердің санын арттыруды көздеп отыр.

khabar.kz