«Air Аstana» ұшағына қатысты кезекті әуе оқиғасы тіркелді

Қытай бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметіне сәйкес, «БОИНГ 757» ұшағы шассиі жабылмай қалғандықтан, Сямынь аэродромы маңында 3 сағат бойы ұшып жүрген.

Әуе компаниясы ақауға байланысты ұшақтың бірден қона алмағандығын растап отыр. Сынақ рейсін жасағандықтан, әуе кемесінде ұшқыш пен 2 инженер болған.

Тілек Әбдірахымов, «Air Аstana» АҚ менеджері:

– Ұшақта отын барынша көп болғандықтан және ұйғарымды отырғызу мақсатында отынды әуеде тауысу керек болған. Сондықтан ұшақ аэродром маңайында 3 сағаттай ұшқан. Әуе кемесі штаттық тәртібінде қонды. Қазір техникалық қызметкерлер ақауды анықтауда.

khabar.kz