Н.Назарбаев пен В.Путин Германия іскерлерімен кездесті

Қазақстан мен Ресей басшылары Германия іскерлерімен өткен кездесуге де қатысты.

Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевты осы жиынға арнайы шақырды. Бұл – неміс бизнесмендерімен әріптестікті кеңейтудің мүмкіндігі. Жиынға Германияның ең ірі компанияларының өкілдері келді. Олардың бірсыпырасы қазақ елімен жақын байланыста. Бұл елмен тариxи сабақтастықтың тамыры тереңде жатыр. Бүгінде Қазақстанда 100 мыңнан астам неміс диаспорасы тұруда. Инвестициялық әріптестікке келер болсақ, осы күнге дейін Германия біздің елге 5 млрд теңге қаржы құйған. 19 ірі инвестициялық жоба жүзеге асты. Президент қазақ-неміс қатынастарының қарқынын күшейтіп, Астана xалықаралық қаржы орталығына атсалысуға шақырды. Ол үшін Қазақстанда бизнесмендерге жан-жақты жағдай жасалған.

Айта кетейік, жыл басынан Қазақстан мен Ресейдің сауда айналымы 40 пайызға өскен. Ал былтыр екі елдің сауда айналымы 13,5 млрд долларды құраған. Қазақстан көрші елге құны 3,5 млрд долларды құрайтын тауар жөнелткен. Оның ішінде 345,2 млн долларға темір рудасын, 174,7 млн долларға көмір экспорттаса, жез, хромды да сатқан. Ал Ресей біздің елге 9,1 млрд доллардың өнімін саудалаған. Оның ішінде жеңіл көлік, бағалы металл, көгілдір отын, ұшу аппараттары бар.

khabar.kz