Қазақстан құрамасы Гватемала қақпасына жеті гол соғып, әлем біріншілігінің плей-офф кезеңіне шықты

Шағын футболдан Қазақстан құрамасы Тунис жерінде өтіп жатқан әлем біріншілігінің топтық кезеңінде Гватемала құрамасын жеңіп, плей-офф кезеңіне шықты. 

Гватемалаға қарсы өткен ойын 7:1 есебімен аяқталды. 

Қазақстан құрамасы «Е» тобында екінші орын алды. Бірінші орынды 9 ұпай жинаған Румыния құрамасы еншіледі. 

1/8 финалда Қазақстан құрамасы турнирді қабылдап жатқан Тунис құрамасымен кездеседі. Ойын 12 қазан күні өтеді.

Еске салайық, әлем біріншілігі топтық кезеңінің бірінші матчында Қазақстан құрамасы Румыниямен кездесіп, 1:2 есебімен жеңіліп қалған еді. Кейін біздің құрама Кот-д’Ивуар құрамасын 4:2 есебімен жеңді. 

Ақпарат көзі: vesti.kz 

khabar.kz