Нұрсұлтан Назарбаев Сочиде Владимир Путинмен кездесті

Қазақстан мен Ресей Президенттері кешегі өткен саммиттерді қорытындылап, екі жақты ынтымақтастық мәселелерін пысықтады.

Биыл қос ел арасында дипломатиялық байланыстардың орнағанына 25 жыл. Бұл кезеңде байланыс барлық бағытта бекемдеп, стратегиялық деңгейге шықты. Биыл екі ел арасында сауда-саттық қарқын алды. Былтыр 16 пайыға бәсеңдеген тауар айналым, үстіміздегі жылдың алғашқы 7 айында 40% өсім көрсетті. Жалпы Астана мен Мәскеу жыл сайын аймақаралық ынтымақтастық форумдарын өткізеді. «Адам капиталын дамытуға» арналған 14-кездесу қарашаның 9-ы күні Челябинск қаласында көшбасшылардың қатысуымен өтпек. Нұрсұлтан Назарбаев әріптестіктің Еуразиялық Экономикалық Одақ аясында да шарқын алып келетінін атап өтті.

 
 

khabar.kz