«АрселорМиттал» компаниясында газдың жануынан 6 адам зардап шекті

Бүгін «АрселорМиттал» компаниясының №1 газ құбырында газ жанды.

Салдарынан 6 адам зардап шекті. Олардың төртеуі газ цехының жұмысшылары болса, біреуі кокс цехы, ал соңғысы құтқару қызметінің өкілі. Жарақат алғандарға медициналық жәрдем көрсетіліп жатыр. Үшеуі Теміртаудың орталық қалалық ауруханасына, ал қалғаны Мақажанов атындағы облыстық травматология орталығының күйік бөліміне жатқызылды. Оқиға бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

khabar.kz