Алматыда еліміздегі ең ірі жылыжай кешені іске қосылады

Алматының индустриалды аймағында 17 га алаңы бар «BRB APK» ЖШС жылыжайы ашылуға дайын.Қала әкімдігінде хабарлағандай, жылыжайда өсірілген қызынақ пен қиярлардың дәмін  2017 жылдың басында көре алады.

Көкөністердің жоғары сапасын голландиялық қондырғы мен технология кепілдік беріп отыр. Өсірілген өнім 30 пайызға дейін арзан болмақ, көкөністер жыл бойы нарық сөрелерінен  орын табады.

Әкімдікте хабарлағандай, жылыжайдың қуаттылығы 7000 тонна қызанақ пен қиярға жетеді деп болжануда.

«BRB APK»ЖШС іске қосылуы қаладағы ірі көкөніс жеткізуші болмақ. Осы уақытқа дейін мегаполис  көкөніспе маусым аралығында ғана қамтыды, себебі 70 пайыз ішкі нарықты импорттық өнім құрайды.

Жаңа кәсіпорынның іске қосылуы 150 жаңа жұмыс орнын ұсынады.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

khabar.kz