«Көкшетау қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Көкшетау қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № А-3/506 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 4 ақпандағы № А-2/209 Қаулысы (утратил силу)

 «Көкшетау қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Көкшетау қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № А-3/506 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 4 ақпандағы № А-2/209
Қаулысы

 

Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 21 сәуірдегі № А-4/878 Қаулысымен күші жойылды

 

 «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесі негізінде Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Көкшетау қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Көкшетау қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № А-3/506 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4086 болып тіркелген, 2014 жылдың 24 сәуірінде «Степной маяк» және «Көкшетау» газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

аталған қаулымен бекітілген «Көкшетау қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі Ережесінің:

17 - тармағы келесі редакцияда баяндалсын:

«17. «Көкшетау қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:

1) өз функцияларын орындау мақсатында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан және басқа да ұйымдардан қажетті құжаттарды, ақпараттарды сұрауға және алуға;

2) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары нормаларының орындалуын тексеру, сондай-ақ ветеринария саласындағы жеке және заңды тұлғалардың қызметi туралы ақпарат