«Коммуналдық меншіктегі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде мемлекеттің атынан акциялардың мемлекеттік пакеттеріне және қатысудың мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану құқықтарын жүзеге асырудың жекелеген мәселелері» Атырау облысы әкімдігінің 2004 жылғы 26 шілдедегі № 167 Қаулысы (күші жойылды)

Коммуналдық меншіктегі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде мемлекеттің атынан акциялардың мемлекеттік пакеттеріне және қатысудың мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану құқықтарын жүзеге асырудың жекелеген мәселелері
Атырау облысы әкімдігінің 2004 жылғы 26 шілдедегі № 167 Қаулысы

 

Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 11 мамырдағы № 101 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазакстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-11 «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 34-бабы 3-тармағын орындау үшін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 мамырдағы № 565 «Республикалық меншіктегі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде мемлекеттің атынан акциялардың мемлекеттік пакеттеріне және қатысудың мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану құқықтарын жүзеге асырудың жекелеген мәселелері» қаулысына сәйкес, сондай-ақ мемлекеттік меншікті тиімді басқару мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мемлекеттік органдар облыстың коммуналдық меншігіндегі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде акционерлік қоғамдар акцияларынын мемлекеттік пакеттеріне және қатысудың мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану құқықтарын жүзеге асыруы кезінде:

1) Атырау облысының коммуналдық меншік басқармасымен (бұдан әрі - Басқарма) мемлекеттік қатысуы бар акционерлік қоғамдардың жалпы жиналыстарында қабылдау үшін ұсынылатын мынадай:

қоғам жарғысына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу немесе оны жаңа редакцияда бекіту;

қоғамды ерікті түрде қайта ұйымдастыру және тарату;

жарғылық капиталдың мөлшерін өзгерту;

есепті қаржы жылында қоғамның таза кірісін бөлудің тәртібі;

қоғамға тиесілі барлық активтердің жиырма бес және одан да көп пайызын құрайтын сомада активтердің бір бөлігін немесе бірнеше бөлігін беру жолымен коғамның