«Ер адам - шаңырақтың иесі, әйел- оның киесі» атты жас жанұялар арасында өтетін аймақтық шоу бағдарламаның ережесі, сценарийі - құттықтау

«Ер адам - шаңырақтың иесі, әйел- оның киесі» атты жас жанұялар арасында өтетін аймақтық шоу бағдарламаның ережесі, сценарийі

«Ер адам - шаңырақтың  иесі,  әйел- оның  киесі» атты  жас  жанұялар  арасында  өтетін  аймақтық  шоу  бағдарламаның  ережесі
 
Мамыр  айының  20 күні  М.Шәменов  ауылдық  мәдениет  Үйінде  «Ер адам - шаңырақтың  иесі,  әйел- оның  киесі» атты  жас  жанұялар  арасында  өтетін  аймақтық  шоу  бағдарлама өткізіледі.
                                               Шоу  бағдарламаның   мақсаты:
                Жастарды    түрлі  ойындар  барысында белсенді  өнер  көрсетуге,  және жаңа  әлемдегі  өзгерістерге  қабілеттіліктерін жетілдіре отырып  заман  талабына  сай   жаңаша  мәдени  қызмет  көрсету  арқылы  қызығушылықтарын  арттыру.
 
                                               Шоу  бағдарламаның  шарттары:
1.   «Екі  ойлап  бір  сөйле»   Жұптарға  ортақ  сұрақ  беріліп, екеуі екі  бөлек яғни біреуі көзі  байланып, құлағына  наушник  киіп  арнайы  орынға  отырады, екіншісі 4 сұраққа жауап  беріп  болған  соң, сол сұрақтарға екіншісі  жауап  береді. Екеуінің  ойы  бір  жерден  шықса  белгіленген  ұпайға  иеленеді.
2.   «Жасырын  жауап»  Жұптар  шиырманың  екі  жағына  тұрып,  бір  -бірін  көрмей  тұрып ортақ  бір  сұраққа  бір  мезгілде  жауап  беруларі  тиіс, жауаптары  сәйкес  келулеріне  қарай  ұпай жинайды. 
3.   «Ойланайық  екеуміз»  Бұл  турда  екеуі  жүргізушімен  қатар  тұрып  берілген  сұраққа  ойласып  жауап  береді,  жауаптарының  нақтылығына  қарай  ұпай  алады.
4.    «Көрермен  көмегі»  Көрермендер  арасынан  әр  жұпқа  жанкүйер  болып  отырған  көрермен  сахнаға  шығып,  экранда  көрсетілген  әріптерден берілген  сұрақтарға   жаңылмай  жауап  беру  арқылы  өзі   таңдаған  жұпқа  ұпай  қосады.
 
                                             Сайыстың  талаптары:
-     Әр  ауылдан  жас  отбасыларынан  бір  жұп  қатысуы  тиіс.
-     Сайысқа  қатысушы отбасы  өздерінің  шеберлігімен , ойларының  жылдамдығымен  ұпай  жинайды.
 
  Толық  мағұлматтарды  М.Шәменов ауылдық  мәдениет  Үйінен  алуға  болады.
  Жүлделі  орынға  иеленген   жұптар  бағалы  сыйлықтармен  марапатталады.
                         Тел:  37-6-06.      40-6-10.     8701-113-13-67.
 


«Ер адам - шаңырақтың  иесі,  әйел- оның  киесі» атты  шоу  бағдарламаның  сценарийі
 
    Жүргізуші:   Армысыздар  құрметті  көрермендер! 
                           Кеш  жарық  текті  халықтың  ұлықты  ұрпақтары!
       Кемелді  келешектің  тұтқасы – жастар.  Сондықтан  олардың  мүддесін  қорғап,   оларға дұрыс  бағыт-бағдар  беріп,  тәрбиелеу  біздің  міндетіміз. Отбасында  өзара  сүйіспеншілік  болғанда  ғана  отбасылық  тұрмыс  зор  бақытқа  кенеле  алады. Семья  құру – адам  өміріндегі  ең  маңызды, өте  жауапты  ісі, өйткені  жанұя  өмірді  кемеліне  келтіреді,  бақытқа  бөлейді.
           Өз  жанұяларында  бақытқа  бөленіп  жүрген  жастардың  қатысуымен   өткелі  отырған  «Ер  адам-шаңырақтың  иесі,  әйел  оның  киесі»   атты аймақтық  шоу   бағдарламаға  қош  келдіңіздер!
          Тәуелсіз еліміздің  ұлттық  уызынан  нәр  алған, ұлттық  тәрбие  бесігінде  тербеліп  өскен, тілі, діні  таза, ойы  өрелі  ұрпақ  тағдырын  отау  көтерумен  тікелей  байланыстырып  келеміз.   Жар  таңдау ата-анаға  ғана  емес, қыз бен  жігіттің  өздеріне де сын.   Жігіт-   зерде- зейінімен, өнері-білімімен, күш-жігер, қайрат-қуатымен,
қыз-  ақыл-парасаты, сымбат-көркі, іс-өнері  сияқты  қасиеттерімен  сараланған.
        Осы  қасиеттердің  барлығы  бойларынан  табылып , бас  қосқан  жас  жанұялар  бүгін  біздің  ортамызда.
«Батырлық пен  байлық  кімде  жоқ,
Ғашықтың  жөні  бір  басқа...»  дегендей  бүгінгі  шоу  бағдарламамызға  келіп  отырған  жастарымыз да  бір-біріне  ғашық  болып,  үй  болуға  асық  болып  бас  қосқан жылынды  жүректердің  иелері.   Олай  болса   шоу  бағдарламаның  қонақтарын  сіздердің  қошеметтеріңізбен  сахна  төріне  шақырайық.
Таспадан  ән  жіберіледі, әннің фонында  қатысушы  жұптар  сахнаға  көтеріледі.
 
Жүргізуші:   Құрметті   шоу  бағдарламаға   қатысушы  жұптар,  сахна  төріне  қош    
                       келдіңіздер!
Қазақта  «Үйлену  оңай, үй  болу  қиын» деген аталы  сөз  бар ,  үй  болудың  қыр –сырын, қиыншылығы мен қызықшылығын  сіздермен  бөлісуге  келіп  тұрған  жұптарды  таныстырып  өтейік.
 
Жүргізуші:  Енді   бүгінгі  шоу  бағдарлама  барысында  төрелік  ететін, сараптаушы  әділ  қазылармен  таныс  болыңыздар.
1.    Аудандық  мәдениет  үйінің  аға әдіскері     Гүлжамал  Құрманаева.
2.    Аудандық  мәдениет  үйінің әдіскері             Жарқын  Азанбаева
3.    Ауыл   тұрғыны                                                Марияш  Маймақова
 
Жүргізуші: Міне  бүгінгі шоу  бағдарламаға  қатысып  отырған  жұптармен,  олардың сараптаушы  әділ  қазыларымен  таныс  болдық, енді  осы  жастарға  сәттілік  тілеп, жылы  лебізін  білдіру  үшін  ауыл  әкімі Ғани Кенжеғараұлын  сіздердің  қошеметтеріңізбен  сахнаға  шақырайық.
 
Жүргізуші:  Шоу  бағдарлама  4  турдан  тұрады. Әр  турдың  шартын  жүргізілу  барысында  таныстырып  отырамын, енді  қатысушы  жұптардың  реттіліктерін   жеребе  арқылы  анықтайық.
 / тарелкеге  салынған  номерлер  әкелініп, жұптар өздері  номер  таңдайды/
Жүргізуші:  Міне  қай  жұп  алғашқы  болып  ойынымызды  бастайтыны  анықталды, бірінші  номерлі  жұптардан  басқа  жұптар  өз  орындарына  жайғасуларын  сұраймыз.
Ал  енді  шоу  бағдарламамыздың  алғашқы  турындағы  алғашқы  жұптармен  ойынды  бастауға  рұхсат  етіңіздер.
Бірінші  турында   алғашқы  жұп    орындарына  келіп  тұрады,  жігітті  немесе  қызды  арнайы  дайындалған  орынға  жібереді / құлағына  наушник  кигізіп,  көзін  мұқият  көрінбейтіндей  етіп  байлап  отырғызады/  сонан  соң  жүргізуші  қалған  жұбына  арналған  4  сұрақ  беріп  және  оның  жауаптарын  қоса  береді , сол  4  жауаптың  бірін яғни  қажетті  деп  санаған  жауабын  таңдайды,  осылайша  4  сұраққа  жауап  беріп  болған  соң,    арнайы  орында  отырған  жұбын  алып  келеді  де  дәл  сол  сұрақтар  оған  да  қойылады.  Екеуінің  жауабы  сәйкес  болса   сол  сұрақтарға  берілген  ұпайға  ие  болады. Осылайша  ойын  4  жұппен  жалғасып келесі  турға  өтеді.
 Екінші  тур:  бұл  кезекте  жұптар  кезегімен  тағы  да  арнайы  орынға  яғни  орталарына  бірін- бірі  көрмейтін  шиырма  қойылған  орынға  орналасады.  Сонан  соң  екеуіне  де  бір  көк, бір  қызыл  ракетка  беріледі  де  екеуіне  ортақ  бір  сұрақ  қойылады , сол  сұраққа  бір  мезетте  ракетка  арқылы  бірдей  жауап  береді, егер  сұраққа  екеуі  бірдей  жауап  бере  алса   берілген ұпайға  ие  болады, екі  түрлі  жауап  берсе  ұпай иелене  алмайды.
Үшінші  тур: Барлық  қатысушы  жұптар  бұл  турда  жұбымен  екеуі  берілген  сұраққа  бірігіп  жауап  беру  арқылы  ұпай  жинайды  және әр  жұп  «Үйлену  оңай, үй  болу қиын»  деген  мәтелге байланысты  қаншалықты  қиын, оңай  екеніне  өз  ойларын  айтады әділ  қазылар жауаптарына  қарай  өз  ұпайларын  береді.
 
Төртінші  тур:  Жанкүйермен  ойын.
  Бұл  турда  қатысушы  жұптарға  жанкүйер  болып  отырған  көрермен  сахнаға  шығып,  берілген  сұрақтарға жылдам  әрі шатаспай нақты  жауап  беру  арқылы  жинаған  ұпайы қатысушы  жұптардың  қоржынына  салынады. 10  сұрақ  беріледі әр  сұраққа  1 ұпай  белгіленген.
 


  Таспадан  жіберілетін ән
                     Ақ  қайыңдар  төгіліп  нұр  шашады,
                     Алаңқайды  қош  иіс  гүл  басады
                      Сайысуға  келіпті  бүгін  міне,
                      Жас  жұбайлар  жарасып, сыр  ашады.
Сендерге  әрдайым  орын  бар,
Сахна  төріне  қоныңдар.
Берілер  сұрақтар  мінекей,
Жеңімпаз  болыңдар,  болыңдар.
 
  Ойын  барысында  берілетін  сұрақтар
                                      І- тур 1-ші  жұп:  «келіншегіне/
1.Күйеуің  егер  актер  болса  қандай  киноға  түсуге  қызығар  еді?    / 5/                               
  1. Эротикалық
 2. Комедия
3. Мелодрамма
4.Фантастикалық.
2.   Қонақ  күтуге  дайындалып  жатырсың, жаныңда  күйеуіңнен басқа  жұмсайтын  ешкім  жоқ ,күйеуіңді үй  шаруасының  қай  түріне  жұмсар  едің? / 6
 1 Салат  жасау
2.  Қамыр  илеу
3. Дастархан  дайындау
 4. Ыдыс  жуу.
3.  Күйеуіңе  қатты  ашуланғанда  үй  жануарларының  қайсына   теңер  едің?   /7/
    1.Есек
    2.Ешкі
    3. Ит
     4.Шошқа.
4.   Күйеуіңе  сенің  енеңді  қалай  атағаның  ұнайды?   /8
       Апа,  ене,  махан, ана,
 
 
2-ші  жұп: /Жігітке / 1. Келіншегің косметиканың  қай  түрін  көп  пайдаланады? /5
                  Пудра, тущь,  тень, контурный  карандаш.
2.   Келіншегің  үй  шаруасының  қай  түрін  қаламайды?/ 6
         Нан  жабу,  шәй  құю,  кір  жуу,  ыдыс жуу
 
3-ші  сұрақ:   1. Егер  келіншегің  өте  толып  кетсе  не істер  едің?   /7
1.Саған  ұнаған  болар  еді
2.Саған  бәрі  бір
3.  Арықтауын  сұрайсын
4. Іштей арықтаса  екен деп  тілейсің.
 
4-ші  сұрақ :  Әйелің  мына  жұмыстың  қайсысын  істегенін  қалар  едің?  8
1.Бырыңғай  гострольде  жүретін актриса
2. Жолсерік
3.Көше  сыпырушы
4.Түнгі  клубта  даяшы
.
3-ші  жұп: /Жігіт/
1.сұрақ:  Келіншегің  сенің  қай  мамандықтың  иесі  болғаныңды  қалар  еді?  5   
1.Дәрігер
2. Мұғалім
3.Мәдени қызметкер
4.  Банк қызметкері
 
2. сұрақ:  Келіншегің сенің  мінезің  мына  жануарлардың  қайсысына  ұқсағаныңды  қалар  еді? / мінез –құлық бойынша/    6  
 Тышқан,  қоян,  маймыл, ешкі.
3. сұрақ.  Сенің  келіншегіңнің  колготкасы  жыртылып  қалды  не  істейді? 7
1.Лақтырып  тастайды
2. Жуа  салуға  пайдаланады
3 .Лакпен  жамап  киеді
4.  Шалбардың  ішінен  кие береді.   
4 –ші  сұрақ:  Келіншегің  сенің  үйіңде  кімді  ерекше  жақсы  көреді?  8
                       Мамаң,  папаң,  інің,  қарындасың,  тәтең,  ағаң
 
4  жұптың  сұрақтары   /келіншек/ 
1.    Күйеуің  үйленерде саған  ұсынысты  қалай  жасады?  5
1.Үйленейік
2.  Маған  тұрмысқа  шығасың ба?
3. Ештеңе  айтпастан алып  қашты
4.Сен  өзің  ыңғай  білдірдің 
2 сұрақ:  Сіздің  туған  күніңізде  күйеуіңіз  құттықтауды  ұмытып  кетті, не  істейсіз? 6
1.Өкпелеп  сөйлеспей  қаласың
2.Өзің  есіне  түсіріп  ұялтасың
3. Ұмытып  кетті  ғой  деп  кешіре  саласың
4.Оның  туған  күнінде  сіз де  құттықтамайсың
 
3 сұрақ:   1.Сіздің  жұбайыңыз  қандай  түсті  ұнатады?  7
              Ақ,  сары,  қызыл,  қара,  жасыл.
4  сұрақ:  Күйеуің  неше  бала  тәрбиелесек  деп  жоспарлайды?  8/
               1  бала, 4  бала,  6  бала,  10 бала
 
                                          ІІ- ші  тур 1-ші  жұптың  1 ші  сұрағы:
1. Кімді   кім  қатты  жақсы  көреді?   10
2.   Қайсысың  көріктісіңдер?               15
3.  Кімнің  мінезі  жақсы?                      20
4   Кім  көп  ақша  жұмсайды?              25
 
2-ші  жұп  сұрақтары
1 .  Кімнің  тәбеті  жақсы?            10
2.  Кім  көп  ақша  табады?            15
3. Қайсысың  ұялшақсыңдар?        20
4. Кім  ерте  тұрады?                    25
 
3-ші  жұптың  сұрақтары:
1 . Кім  өз  денсаулығына  көбірек  қарайды? 10
2 . Кімнің   жолы  болғыш?                               15
3 . Кімнің шашы  ұзын?                                     20
4 . Кім  көп  балалы  болғанды  қалайды?        25
 
4 жұптың  сұрақтары:
1.    Кім  кешірімшіл?                                       10
2.    Кімнің  достары  көп?                               15
3.    Кім  көп  ұйықтайды?                                20
4.    Кім  жұмыссыз  үйде  істемейді?              25
 
                                                  ІІІ-ші  тур
1.    Жұптың  сұрағы: 
1 . Қыз бен  жігіттің отбасын  құру  кезіндегі салттар?  /Әр  жауапқа 10 ұпандан 40 ұпай/
1.Құда  түсу              
2.Сырға  салу
3. Келінге орамал  салу
4. Бетін  ашу
 2.  Тойды  кім  бастайды? /Асаба/                                    30
3.   Келіншектің алғашқы  қызметі?  / шай  құю /           35
 
2 ші  жұп  сұрағы:
   1.Үйленіп  жатқан  жұбайлар  неге   сүйіседі?      /Әр  жауапқа 10 ұпандан 40 ұпай/
      1.Махаббатары  күшті,
 2.Бір-бірін  сүйетіндігін  дәлелдеу  үшін,
3. Горька  деп  айқайлаған  үшін,
4.Жұбайлық  өмірдегі  алғашқы  сүйістері  болған  соң.
 
  2 .  Жігіттің  қайын  жұртына алғаш рет  барғандағы алатын сый-сияпаты қалай  аталады?
                                                                                                               / күйеуаяқ/   30
    3 .  Қыз  ұзатыларда  айтылатын  ән?    / сыңсу/                                                35
3-ші  жұптың  сұрақтары:
    1 . Әйелге  өзін  бақытты  сезіну  үшін  не  қажет?    /Әр  жауапқа 10 ұпандан 40 ұпай/
1.Семья,
2.Бала
3.Денсаулық
4.Ақыл-ой, адамгершілік. 
2.  Қыз  алған  құдалар  келіннің  анасына  беретін  жоралғысы? /сүт  ақы/  30                                                  
3.  Келін  той  үстінде  жолдас  қыздарына  қандай  ниет  білдіреді?
/Гүл  лақтырып, келесі сен бол деген ниетін білдіреді/                                     35
4-ші  жұптың  сұрақтары:
1 сұрақ:. Қыз бен  жігіт не  үшін  үйленеді?  /Әр  жауапқа 10 ұпандан 40 ұпай/
1.Бір- бірін  сүйгендіктен
 2.Табиғи  заңдылық
3.Өмірге  сәби әкелу үшін
4. Отбасын  толықтыру үшін.
2 сұрақ :  Құдалар  арасында  жүретін  сыйяпат?    / киіт/                                   30
3.сұрақ: Әйелдің  іші  неге  өседі?   / екі  қабат  болған  соң/                             35
 
                             4  тур:   Жанкүйермен  ойын.
  Бұл  турда  қатысушы  жұптарға  жанкұйер  болып  отырған  көрермен  сахнаға  шығып,  берілген  сұрақтарға жылдам  әрі шатаспай нақты  жауап  беру  арқылы  жинаған  ұпайы қатысушы  жұптардың  қоржынына  салынады. 10  сұрақ  беріледі әр  сұраққа  1 ұпай  белгіленген.
 
     Ф. Х, Б,Л, Ж,Г.
1.    Атың  кім? 
2.    Қызыңның  немесе  жігітіңнің  аты  кім?
3.    Қай  қалада  тұрасың?  Фрунзе,Харьков,Байконур,Ленинск,Жамбыл,Гурьев
4.    Қай  көшеде  тұрасың?    Фурмонов, Хон бин до,Бауыржан.М, Ленин, Жамбыл.Ж,  Горький.
5.    Қандай тағам   түрін  ұнатасың? Фарш,Халуа,Бауырсақ,Лагман,Жұмыртқа,Гуляш.
6.    Көлігіңнің  маркасы  қандай? Фольсфаген,Хамер,БМВ,Лада,Жигули,Гольф.
7.    Өзің жанкүйер  болып  тұрған жұп  қандай  киімді ұнатады? Фуфайка,Халат,Ботинка, Легенси, Жакет, гамаж.
8.    Қандай  гүл  түрін  өсіріп  жатырсың? Фиона,Хризантема, Бархт, Лола, Жауқазын, гладиолось
9.    Елге  танымал  жұлдыздардың  қайыссына ұқсағың  келеді? Филипп,Хасанғалиев , Беркут,  Жазира м Жан , Газманов
10.   Біздің  ауылда  қандай  құстар  мекендейді?
Фазан, Хатшы құс , Бұлбұл, Лашын, Жапалақ,  Гус  .   
 
Жүргізуші:  Міне  бүгінгі  шоу  бағдарламамыз  өз  мәресіне  жетті,  біздің  бағдарлама  барысында  сіздердің  берген  жауаптарыңызды  сараптап  отырған  әділ  қазаларымыздың  шешімі  дайын  болғанша    «Отырарадағы  той»  әнімен  Шолпан  Байжанованы  қарсы  алыңыздар.
 
Келесі  тыңдайтын  әндеріңіз «Жастық  шақ»  орын:  Алмаш Жүнісқұлова
 
Енді  әділ  қазылар  алқасын  сахна  төріне   шақырып,  марапаттау  сәтіне  кезек  береміз.    
 
                                          Соңы. 
 
                                                                                   Бекітемін:
                                                                                  М.Шәменов  ауылдық  мәдениет
                                                                                  Үйінің  директоры:                Г.Ералиева.
 
                                      «Ер адам - шаңырақтың  иесі,  әйел- оның  киесі» атты  жас  жанұялар  арасында  өтетін  аймақтық  шоу  бағдарламаның  іс-жоспары
 
р/с      Атқарылатын   
      жұмыстар       Уақыты     Жауапты
 
1     Ереже,  сценарий  жазу      5.05.2011    Г.Ералиева
2
      Ереже  тарату          6.05.2011    Г.Ералиева
3     Хабарландыру, шақыру  билеттер  дайындау.           10.05.2011   Г.Ералиева
 
4     Қатысушылардың  дайындығын  қадағалау    8-17.05.2011     А.Жүнісқұлова
 
5     Тазалық  жұмыстарымен  айналысу    17-18.05.2011     Ш.Бисенбаева
 
6     Безендіру  жұмыстары
      17.05.2011  Г.Ералиева
А.Жүнісқұлова
 
      Жалпы  басшылық  жасау  5-18.05.2011      Г.Ералиева
 
       Мәдениет үйінің көркемдік  жетекшісі:                          А.Жүнісқұлова
 


                                    «Ер адам - шаңырақтың  иесі,  әйел- оның  киесі»
атты  жас  жанұялар  арасында  өтетін  аймақтық  шоу  бағдарламаның
 мәліметі
 
        М.Шәменов  ауылдық  мәдениет  үйінде  18  мамыр  күні Ақсу, Қаракеткен, Бұхарбай, Шәменов  ауылдары  арасында  аймақтық  шоу  бағдарлама  болып  өтті.
     Шоу  бағдарламаға   әр  аймақтан  жас  жанұялар  қатыстырылып,  жанұялық  жұптар  3  тур  бойынша  берілген  сұрақтарға  жауап  беріп, жауаптарының  сәйкестігіне  орай  арнайы  ұпайларға  ие  болу  мақсатында  өте  белсенділік  танытса,  4 турында  көрермендер  арасынан  жанкүйерлер  шығып  сұрақтарға  жауап  беріп, қалаған  жұбының  қоржынына  ұпай  салып  және  өздерінің  қызығушылықтарын  көрсете  білді.
      Шоу  бағдарламаға   арнайы  шақырылған    аудандық  мәдениет  үйінің  әдіскерлері  Гүлжамал  Құрманаева, Жарқын  Азанбаева  және  ауыл  тұрғыны  Марияш Маймақовалардың  әділ  шешімінің  нәтижесінде  өте  нақты және  сәйкес  жауап  беру  арқылы  160  ұпай  жинап  Бұхарбай  ауылынан  келген  Мейірхан мен Ақерке  бас  жүлдеге,  осындай  балсенділік  танытқан  Шәменов  ауылынан  шыққан  жас  жанұя  Бауыржан  мен Шолпан 153  ұпаймен 1-ші  орынды, Қаракеткен  ауылынан  келген Нұржан  мен  Қалдыгүл  110  ұпаймен 2-ші  орынды, Ақсу  ауылынан  келген  жұптар  Айдархан  мен Меруерт  жүлделі  3-ші  орынды  иеленді.
 
                         Мәлімет  жазған:                                Г.Ералиева.

Түрлі шаралар » Соңғы қосылған дүниелер »