Тәуелсіз елдің ұланымыз - құттықтау

Тәуелсіз елдің ұланымыз

Тәуелсіз елдің ұланымыз
"Бастауыш сыныпта оқыту" журналына жазылған түбіртегі тіркелмей қалды
Тәрбие сағаты
М.Горький атындағы мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Жанабекова Гауһар Аубакировна
Тақырыбы:Тәуелсіз елдің ұланымыз
Мақсаты:Оқушыларға тәуелсіздік туралы ұғындыру, туған жерін, елін құрметтеуге тәрбиелеу. Патриоттық сезімдерін ояту.
Көрнекілігі: елбасы суреті, ҚР-ның рәміздері,Астана, Алтын адам, Хан шатыры, Бәйтерек, Медеу мұз айдыны, Желтоқсан құрбандарының және теңге суреттері.
І. Ұйымдастыру.Әнұранды орындау.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақ
а) Отан, Отан
Сен болмасаң не етер ем?
Өмірде бір өксуменен кетер ем.
Отан дегеніміз не?Оны қалай түсінесіңдер?
Біздің Отанымыз-Қазақстан
Біз қай ұлтпыз?
- Қандай Республикамыз?
- Біздің ана тіліміз қандай тіл?
- Елбасымыз кім?
Сонымен қатар біздің рәміздеріміз бар. Кәне, рәміздерді атап шығайықшы.
( әнұран, көк байрақ, елтаңба)
Жақсы, енді осы рәміздерімізге сипаттама берейік.
Әнұран
Жан азығым, қалықтай бер, шарықтай бер, Әнұран!
Салтанатты асқақ саз, гүлдене бер, кең далам!
Жүректерде жаңғырады кеудені кернеп Әнұран,
Елімізде рух, мән берген, иесі оның мен балаң.
Қазақстан Республикасының Әнұраны- бірлікк, ынтымаққа, достыққа қызмет етті. Жастарды ерлікке, қайсарлыққа, еліміздің тәуелсіздігін қорғауға шақырады.
Көк байрақ Зеңгір көк түс- бұл Қазақстан байрағы.
Желбірейді көгімде азаттықтың айғағы.
Аспанмен жатыр астасып алтын күні айбарлы,
Бейбіт күннің болашағы,ұланбыз біз жайдарлы.
Көк байрақтың ортасындағы шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, тік бұрышты көгілдір мата, матаның сол жағында өрнегі бар. Ұзындығы 2 метр,ені 1 метр. Жалаудың жобасын жасаған Шәкен Ниязбеков.
Елтаңба
 Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астында қазақ үй,
Қалықтаған жас сұңқар,
Шарықтаған таза күй.
Қара шаңырақ-ел күйі,
Асқақтатып тұр мұны
Елтаңбасы елдігім,
Елдің тыныш тірлігі
Елтаңбаның көркемдік шешімі: шаңырақ, жұлдыз, сондай-ақ аңызға айналған қос пырақ.
Қазақстан деген жазуы бар. Қанатты пырақ биік самғайды, болашақ жайлы армандауды білдіреді. Ширатылған мүйіз-қайсарлық, қайраттылықты меңзейді. Сонымен егемен еліміздің елтаңбасында қазақ елінің бостандық пен құт-береке ұмтылысы бейнеленген.
 Тәуелсіздік! Қандай киелі сөз. Осы бір құдіретті сөздің тереңіне көз жіберіп, ой елегінен өткізсек, ата-бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл арманы, азаттық жолында құрбан болған талай боздақтардың ұрпақтарына қалдырған аманаты екені сөзсіз. « Өткенсіз болашақ жоқ» дейді дана халқымыз.(16 желтоқсан құрбандары туралы айту)
Қазақ халқы « Бейнет түбі-зейнет» деген қағиданы естен шығармай бүгін тәуелсіздікке қол жеткізді.  Біз тәуелсіз елміз. Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Ал, қазіргі дүние жүзінің көптеген елдермен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналдық.
Тәуелсіздік символы Алтын адамды барлығы біледі. «Медеу» мұзайдыны халқымыздың мақтанышы болып саналады. Талай белестерді өткізген қазақ халқы егемендік алды. 1991 жылы 1 желтоқсанда ҚР тұңғыш президенті болып Н.Ә.Назарбаев сайланды. Оның басшылығы кезінде халқымыз азаттық алып,Қазақстан егемендікке, сосын тәуелсіздікке қол жеткізді.
1993 жылы 5 қарашада ұлттық валюта енгізілді
1997 жылы 20 қазанда Ақмола ел астанасы болып жарияланды. ҚР астанасы Астана қаласы болып аталды. Астанамыз кіннен күнге көркейіп келе жатыр. Оған Хан шатыры, Бәйтерек дәлел бола алады. Астанам Бабалардың көзіндей, Даналардың сөзіндей Ұлы дала тұрғызды
Ұлы қала өзіндей  
Отанымның төрінде,
Сарыарқаның өрінде
Ту ұстаған Астанам
Әсем қалам, бас қалам.  
- Арайлап атқан бейбіт таңы бар, асу бермес асқар-асқар тауы бар кең жазиралы мекенді, қонақжай, жомарт халқы бар менің елім-Қазақстан. Біз 20 жылда үнемі даму, қарқындау үстіндеміз.
Хор: Отаным-Қазақстан
Дәптермен жұмыс    : ОТАН
Қорытынды - Сонымен балалар, бүгін біз дербес ел болып, уығымызды қадап, шаңырағымызды көтеріп, ерікті еркін мемлекетімізді құрып, Қазақстан Республикасы атанып, көк байрақ туымызды желбіретіп әлемге әйгілі болуымыздың өзі- осы Тәуелсіздікке қол жеткізуіміздің арқасы. Олай болса Тәуелсіздігімізге шаң жұқтыромай оны ең қымбат бұйымымыздай етіп құрметтеп, келер ұрпақтар қолына аманаттап тапсыруға тиіспіз. Елімізді ішкі-сыртқы дұшпандардан қорғауға міндеттіміз. Сонда ғана Тәуелсіздігіміз мәңгілікке мирас болмақ     

Тәрбие сағаттарына материалдар » Соңғы қосылған дүниелер »