ӘЖЕЛЕР САЙЫСЫ сценарийі-сайт оқырманы КЕНЖЕ қосқан/ - құттықтау
ӘЖЕЛЕР САЙЫСЫ сценарийі-сайт оқырманы КЕНЖЕ қосқан/
Қазіргі кезде бала-бақшалардағы дәстүрлі мерекеге айналып келе жатқан "Әжелер сайысына" өзін-өзі таныстыру үшін әжелерге арналған сценарийге:КАУСАРҒА- ӘЖЕЛЕР САЙЫСЫНА!!!! Көктемнің хабары кеп, сел ебімен Мұз еріп,көк көрініп жылы желмен Сай-сала буырқанып,су сылдырап Наурыздың лебі соқты Шелегімнен Бүгінде заман басқа,дәстүр бекем Жаңарған әр салтымыз неткен көркем Ел-жұртым құтты болсын әз мерекең Тәнірдің бұл да берген сиы екен Әжелер сайысына қатыспаққа Қызықтап Каусарымның бал қылығын Албанның Шикіл атты әулетінен Қожақан-Сәбитжанның отбасынан Қуат пен Аиданың тұңғыштары Көзімді ашып көрген қызығыммен Келіні осы ауылдың отыз жылдай Кесе өтпей үлкен-кіші аясынан Бұл күнде ене атанған ақ самайлы Жетелеп немересін келіп тұрған Анасы төрт баланың Бақытгүлмін! Отыз жыл мекен еткен ақ босағам Қызындай мені көрген асыл апам Көгеріп көк орманың өсе берсін Ененің топырағынан ....дейді қазақ Қолымнан келгенімше риза етем Жүзге кеп,жасай берші асыл анам! Қуаттың нағашысы ер Қабанбай Аруағы жатыр ма екен бір оянбай, Найзасы жер қаппаған қайран бабам Жетелер жиендерін талай-талай! Әжелер құтты болсын мерекеміз Бәріміз бір-бір үйге берекеміз Той тойлап,қызықтайық бұл сайыста Дейді екен... Бағасың өскенінше балаңызды... Дегенмен Артымызда қала Берсін.... Ұрпақтар,немере мен Шөбереміз !!! Жазган :Кенже Қапанқызы
Түрлі шаралар » Соңғы қосылған дүниелер »