Әйел мен еркек туралы мақал-мәтелдер - құттықтау

Әйел мен еркек туралы мақал-мәтелдер

Әйел мен еркек туралы
Алтын басты әйелден,
Бақыр басты еркек артық.
Жаман ерден жайдағы жақсы,
Жаман қатыннан бойдағы жақсы.
 
Асыл жар – ердің сәулеті.
 
Жақсы жұбай – жарым бақыт.
 
Аймауыттай ат мінсең,
Жақын болар алысың.
Адалынан жар сүйсең,
Оңғарылар бар ісің.
 
Бай күйігі етекте,
Бала күйігі жүректе.
 
Бірінші әйел - шекер,
Екінші әйел - бекер.
 
Сыланайын десем, байдан қорқам,
Сыланбайын десем, тоқалдан қорқам.
 
Еркек дауысты әйелде ұят болмас,
Қатын дауысты еркекте қуат болмас.
 
Жақсы әйел жаман еркекті еркек етеді,
Жаман еркек жақсы әйелді келсап етеді.
 
Жаман әйел жақсы еркекті ез қылады,
Жақсы әйел жаман еркекті ел қылады.
 
Жаман еркек той бұзар,
Жаман әйел үй бұзар.
 
Еркек - түздің көркі,
Әйел - үйдің көркі.
 
Ер – бас, қатын – мойын.
 
Ерлі-зайыптының ортасына есі кеткен отырар.
 
Ерлі-қатын ұрысар да керісер, керісер де келісер.
 
Ерлі-қатын тату болса шырағы жанар,
Ерлі-қатын араз болса өмірден көңілі қалар.
 
Ерте тұрған еркектің ырысы артық,
Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық
 
Әйел жомарттық қылғанда,
Еркек намарттық қылғаны өлім.
 
Өз жарыңды жаттай күт - жат көрсін де түңілсін.
бір-біріңді қадір тұт - жұрт үлгі алсын,үңілсін.
 
Ері әйелін сыйласа - ердің бақыт тапқаны,
Ерін елі сыйласа - әйел бақыт тапқаны.
 
Жақсы әйел жаман еркекке біткен бақ,
Жақсы жер, алтын қоныс - алтын тақ.
 
Жақсы әйел жаман ерін хан қылады,
Жаман әйел жақсы ерін даң қылады.
 
Үш тәтті: жан тәтті, жар тәтті, мал тәтті.
                         


Мақал-мәтелдер » Отбасы, туыс туралы »