Бала туралы мақал-мәтелдер - құттықтау
Бала туралы мақал-мәтелдер
Бала әкеден не кете туады, не жете туады, не өте туады.Балалы үй базар,
Баласыз үй қу мазар.
Атадан жақсы ұл туса,
Қар үстінде от жанар.
Атадан жаман ұл туса,
Ат үстінде ит қабар.
Ата – бәйтерек, бала – жапырақ.
Ананың сүті – бал, баланың тілі - бал.
Жақсы бала әкесінің басын төрге сүйрейді,
Жаман бала әкесінің төрдегі басын есікке сүйрейді.
Ұл туғанда күн туар.
Жақсы бала – сүйік, жаман бала – күйік.
Балаңды бес жасқа дейін хандай көтер,
Он бес жасқа дейін құлдай жұмса,
Он бестен ары онымен досыңдай ақылдас.
Балалық шағы, патшаның тағы.
Ойнақтаған бала от басады.
Жылайын деген баланың үш күн бұрын көзі қышиды.
Өлер бала көрге қарай жүгіреді.
Аш бала тоқ баламен ойнамайды,
Тоқ бала аш болам деп ойламайды.
Адам болар бала қонаққа үйір.
Өсер елдің баласы бірін-бірі батыр дейді,
Өшер елдің баласы бірін-бірі қатын дейді.
Кісі болар баланың кісесінен таниды.
Бала тілі бал.
Бала, баланың ісі шала.
Болатын бала боғынан.
Баланы – жастан,
Қатынды – бастан.
Алты жасар бала алыстан келгенде,
Алпыстағы ақсақал сәлем берер.
Әдепті бала арлы бала,
Әдепсіз бала сорлы бала.
Балалы үйрек көлден кетпес,
Баласы жас елден кетпес.
Баланың сөзі батпандай.
Бала көңілдің гүлі, көздің нұры.
Басқа келген бақты кесірлі бала қашырады.
Баланың өскен бесігі, кең дүниенің есігі.
Балалы үйдің ұрлығы жатпас
Жалғыз түйе бақырауық,
Жалғыз бала жылауық.
Жылайын деген бала әкесінің сақалымен ойнайды.
Қонағын жақтырмаған баласын ұрады.
Өзіңнен тумай ұл болмас,
Сатып алмай құл болмас.
Ұлың өссе үлгілімен ауыл бол.
Өз ұлың өзекке тепсең де кетпес.
Баланың өскен бесігі – кең дүниенің есігі.
Әдепті бала – арлы бала, әдепсіз бала – сорлы бала.
Әкесі құрдастың баласы құрдас.
Анасын сүйгеннің баласын сүй.
Ата – бәйтерек, бала – жапырақ.
Ата – асқар тау, ана – бауырындағы бұлақ,
бала - жағасындағы құрақ.
Бұқа болар бұзау,
Биттейінен белгілі.
Батыр болатын бала,
Титтейінен белгілі.
Өсер елдің баласы,
Қозысын күтіп қой қылар.
Өспес елдің баласы,
Қозысын сойып той қылар.
Артында баласы қалса,
Көзі қалды де.
Артында сөзі қалса,
Өзі қалды де.
Жалғыз баласы бардың
Шығар-шықпас жаны бар.
Екі баласы бардың,
Өкпе, бауыр, жалы бар.
Үш баласы бардың,
Бұқарада пұлы бар.
Арғымақ аттың баласы,
Аз оттап көп жусайды.
Асыл ердің баласы,
Аз сөйлеп, көп тыңдайды.
Мақал-мәтелдер » Отбасы, туыс туралы »