Жігіттік туралы мақал-мәтелдер - құттықтау
Жігіттік туралы мақал-мәтелдер
Жігіт туралыЖігіттің түсін айтпа, ісін айт.
Ел мақтаған жігітті қыз жақтаған.
Жігіттің құны – жүз жылқы,
Ары – мың жылқы.
Бойдақ жігіт - жұрт күйеуі.
Жігіт адамға жетпіс өнер де аз.
Алғыр жігіт ақылына қарай іс қылар,
Олақ жігіт оңай жұмысты күш қылар
Ағайынды жігіттің отарына малы бар,
Жалғыз – жарым жігіттің шығар –шықпас жаны бар.
Адам болар жігіттің,
Жары өзіне лайық.
Керуен бастар жігіттің,
Нары өзіне лайық.
Мақал-мәтелдер » Отбасы, туыс туралы »