Нағашы-жиен туралы мақал-мәтелдер - құттықтау

Нағашы-жиен туралы мақал-мәтелдер

Нағашы-жиен туралы
Жиен ел болмайды, желке ас болмайды.
 
Жиен неге ел болмасын жайлы болса,
Желке неге ас болмасын майлы болса.

Нағашымен күрескен жиен жығылады.
 
Жиеннің назары жаман.
 
Жиенді ұрғанның қолы қалтырайды.
 
Жиен нағашысына тартады.
 
Балалығыңды сағынсаң,
Нағашыңа бар.
Жігіттігіңді сағынсаң,
Қайныңа бар.
 
Балдыз болса қаншалық,
Бажа болар соншалық.
 
Жиен мыңнан үлкен,
Күйеу жүзден үлкен.
 
Жиен жеткізеді.
 
Үйдің жақсы болуы - ағашынан,
Жігіттің  жақсы болуы – нағашыдан.
 
Туыс – тау, қайын – қанат, нағашы – нар.


 
                              

Мақал-мәтелдер » Отбасы, туыс туралы »