Құл туралы мақал-мәтелдер - құттықтау

Құл туралы мақал-мәтелдер

Аспаннан былғары жауса да,
Құлға оқшантай жоқ.
 
Құл құтырса құдыққа сиеді.
 
Құл құдасын табады.

Баталы құл арымас,
Батасыз құл жарымас.
 
Құл құтырса құдыққа қармақ салады.
 
Көктен киіз жауса да құлға ұлтарақ тимейді.
 
Құлды бәрекелді өлтіреді.
 
Құлмен жеген құйқа құстырмай қоймайды.
 
Құл жиылып бас болмас.
 
Құлдың екі көзі жоқ.
 
Би жоқта құл жүреді жораға.
                          


Мақал-мәтелдер » Байлық туралы »