Жыл мезгілдері туралы мақал-мәтелдер - құттықтау
Жыл мезгілдері туралы мақал-мәтелдер
Жазғытұрым жел жардай атанды жығар.Үйге кірген жыланға да ақ құйып шығарады.
Ай құлақтанса – азығыңды сайла,
Күн құлақтанса – күрегіңді сайла.
Ай шалқақ туса - өзіне жайлы, халыққа жайсыз,
Ай тігінен туса - өзіне жайсыз, халыққа жайлы.
Қыстағы суық – жаздағы ыстық.
Үркерлі айдың бәрі қыс.
Ықтырмаң болмаса, желге өкпелеме.
Қылышын сүйретіп қыс келер.
Жеті күн жауған жаңбырдан желіп өткен су артық.
Қыстағы қар жер ырысы.
Таразыда таң суиды.
Қардың басын қар алар.
Үркер үйден көрінсе,
Үш ай тоқсан қысың бар.
Үркер іңірде жамбасқа келсе,
Жаз шықпағанда несі бар.
Өткен бұлттан жаңбыр күтпе.
Сақырлаған аязда сары қамысты панала.
Үркер жерге түспей жер қызбайды.
Қаңтар ауса қар тұрмас.
Түске дейін мүйіз, түстен кейін киіз.
Төмен қонсаң, сел алар,
Биік қонсаң, жел алар.
Қыс та қысырайды.
Наурыздан соң қыс болмас,
Мизамнан соң жаз болмас.
Ертеңгі күн құлақтанса,
Еліңді жау шапқандай күйін.
Кешкі күн құлақтанса,
Келінің ұл тапқандай сүйін.
Шығыста үркер туса егінді ор,
Батса көктен егісті егетін бол.
Қырық күн, қырық түн сол Үркер көктен безіп,
Жоғалып қараңғыда шегеді жол.
Үшарқар айдай туып, күндей батар,
Туғанда Шабансары таң сонда атар.
Аспаннан жұлдыз тарап, Шолпан туып,
Таң райы күнменен манауратар.
Қаз келсе, жаз келер,
Қарға келсе, қатқақ келер.
Сәуір болмай, тәуір болмас.
Қыстың көзі қырау.
Шағала келмей жаз болмас,
Шаңқан келмей, боз болмас.
Сәуір болса күн күркірер,
Қараша қауыс, кәрі-құртаңды тауыс.
Жаз сайға қонба,
Қыс қырға қонба.
Жаңа айдан жақсылық.
«Көктемде бір тойдым,
Көбік қарда бір тойдым» депті-міс тоқты.
Мақал-мәтелдер » Табиғат әлемі туралы »