Түрлі тақырыптағы мақал-мәтелдер - құттықтау

Түрлі тақырыптағы мақал-мәтелдер

Ажалдан ақша беріп құтылмас.
 
Қарыстан сүйем жуық.
 
Бір елі аузыңа,
Екі елі қақпақ қой.
 
Қарыстың алыстығы бар,
Сүйемнің жақындығы бар.
 
Аманат аман сақтайды.
 
Аманатқа қиянат жүрмейді.
 
Әдет - әдет емес, жөн әдет.
 
Ұрының малы түгел.
 
Тентек өзін дәу санайды,
Жантақ өзін бау санайды.
 
Ұрымын дегенше құрыдым де.
 
Барымтаға – қарымта,
Қарымтаға – сырымта.
 
Кедейдің аты қара бәйгеде озады.
 
Бір жетім қуанса,
Мың періште той қылады.
 
Құдайдың күнінің бәрі сәтті.
 
Жетіқарақшыны таныған адаспас.
 
Алғыстың жаманы болмайды,
Қарғыстың жақсысы болмайды.
 
Қарыз күліп барып, жылап қайтады.
 
Үмітсіз шайтан.
 
Кісіден сұрағанның көзі шығар,
Құдайдан сұрағанның бүйірі шығар.
 
Ұлық болсаң, кішік бол.
 
Ұйқы мен өлім тең.
 
Өсекке кірмесе, есепке кірмес.
 
Қорыққанға қос көрінер.
 
Сасқанда сақалыңды таба алмассың.
 
Мысқылдың түбі - мүшкіл.
 
Көкірек байғұс текірек қағар.
 
Өзгеге не қыслаң, алдыңнан сол келер.
 
Елсіз көлге бақа айғыр,
Қатындарға жалшы айғыр.
 
Көсеуің ұзын болса қолың күймес,
Ағайының көп болса адам тимес.
 
Құдай түйедей бой бергенше,
түймедей ой берсін.
 
Есердің ақылы түстен кейін кіреді.
 
Ашу – қайнар, ақыл дос, ақылыңа ақыл қос.
 
Әркімнің қолы өз аузына жақын.
 
Ештен кеш жақсы.
 
Қайда барса да Қорқыттың көрі.
 
Өзімдікі дегенге өгіз қара күшім бар,
Өзгенікі дегенге анау-мынау ісім бар.
 
Асыққан жетпес, бұйырған кетпес.
 
Қайғысыз адам қара суға семіреді.
 
Соқырдан қарауыл қойсаң, еліңді жауға алдырар,
Наданнан би қойсаң, еліңді дауға қалдырар.
 
Панасыз болса сайдан без,
Тату болсаң балдай бол,
Ащы болсаң тұздай бол.
 
Бас екеу болмай, мал екеу болмас.
 
Әлін білмеген әлек.
 
Асықпаған арбамен қоянға жетер.
Жүгірген алмас, бұйырған алар.
 
Ащы мен тұщыны татқан білер,
Алыс пен жақынды жортқан білер.
 
Сабасына қарай піспегі,
Сақалына қарай істері.
 
Етігің тар болса, дүниенің кеңдігінен не пайда.
Сорлының аузы асқа тисе, мұрны қанайды.
 
Сақтансаң, құдай сақтар.
 
Өтірікшінің шын сөзі зая кетер.
 
Көңіл бір атым насыбайдан қалады.
 
Дүмше молда ел бұзар.
 
Артқы айылдың басқанын иесі білмес, ат білер,
Ағайынның азғанын жақыны білмес, жат білер.
 
Тура биде туған жоқ,
 
Аттыға ерем деп, жаяудың таңы айрылады.
 
Қырсыққанда қымыран іриді.
 
Ежелгі жау ел болмас,
Ескі мақта жіп болмас.
 
Төр кімдікі болса, билік соныкі.
 
Қорқақ бұрын жұдырықтар.
 
Аларманға алтау аз,
Берерменге бесеу көп.
 
Адам айдаса барма,
Құдай айдаса қалма.
 
Жаяудың шаңы шықпас,
Жалғыздың үні шықпас.
 
Сабыр түбі – сары алтын.
 
Қайнаған суда қасиет бар.
 
Қилы-қилы заман болады,
Қарағай басын шортан шолады.
 
Жер астынан жік шықты,
 екі құлағы тік шықты.
 
Жуастан жуан шығады.
 
Татар тұрған жерде, қатер тұрады.
 
Атың шықпаса, жер өрте.
 
Естіген құлақта жазық жоқ.
 
Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді.
 
Ағаш көркі жапырақ,
Адам көркі шүберек.
 
Темір кессең, қысқа кес – ұзартуы оңай,
Ағаш кессең, ұзын кес – қысқартуың оңай.
 
Бұрынғының кісісі – бүгінгінің кішісі.
 
Арамзаның құйрығы бір-ақ тұтым.
 
Өзім үшін туғанмын,
Жұртым үшін күйгенмін.
 
Жаңылмас жақ болмас,
Сүрінбес тұяқ болмас.
 
Жоғалған пышақтың сабы алтын.
 
Сырлы аяқтың сыры кетсе де,
Сыны кетпейді.
 
Сабыр түбі сары алтын.
 
Итке төсек не керек,
Естіге өсек не керек.
 
Ашаршылықты көп көрген,
Өзі тоймай "мә" демес.
Жетімдікті көп көрген,
Үш шақыртпай "ә" демес.
 
Күшті болсаң - нәпсіңді тый.
 
Шындық - қамал бұзар.
 
Қырық жыл қырғын болса да,
Ажалды өледі.
 
Сақтықта қорлық жоқ,
Сәлемде зорлық жоқ.
 
Жазым болса быламыққа тіс сынар.
 
Ырыс алды - ынтымақ.

Мақал-мәтелдер » Мақал-мәтелдер »