Дін туралы мақал-мәтелдер - құттықтау

Дін туралы мақал-мәтелдер

Дін туралы мақал-мәтелдер
Күштіде тәңірі жоқ.
 
Қарға көргенін шоқиды,
Молда білгенін оқиды.
 
Өлеңді жерде өгіз семіреді,
Өлімді жерде молда семіреді.
 
Аңқау елге - арамза молда.
 
Қожаң берсе қойныңа тық.
 
Ақ сәлделі қожадан,
Ақ жаулықты қатын артық.
 
Молда "бер" деген сөзді білмейді,
"Ал" деген сөзді біледі.
 
Молдаларға мал қайғы,
Момындарға жан қайғы.
 
Надан молда намазқой.
 
Аюға намаз үйреткен таяқ,
Молдаға намаз үйреткен тамақ.
 
Жаны күйген тәңірісін қарғайды.
 
Молданы мазарда көр,
Делдалды базарда көр.
 
Дін қараңғы ін.
 
Сопы сұмнан шығады.
 
Сауатсыз молданың сәлдесі үлкен.
 
Тана пайда бермесе,
Тәңірі пайда бермейді.
 
Молданың істегенін істеме, айтқанын істе.
 
Май - әулие, майсыз жарылқайтын қай әулие.
 
Аллаға жағайын десең - азаның болсын,
Қазыға жағайын десең - қазаның болсын.
 
Қожа молданы басындағысынан білерсің,
Бек пен төрені қасындағысынан білерсің.
 
Көп қайда болса, құдай сонда.

Мақал-мәтелдер » Өмір-орта туралы » Соңғы қосылған дүниелер »