Әнұран - құттықтау

Әнұран

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
МЕМЛЕКЕТТІК ӘНҰРАНЫ
 Өлеңі – Жұмекен Нәжімеденовтікі
Нұрсұлтан Назарбаевтікі
Әні – Шәмші Қалдаяқовтікі
 Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!
 
               Қайырмасы:
 
 Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!
 
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!
 
                 Қайырмасы.

Ән - көңілдің ажары » Той әндері »