Сағыныш екен бала кез - құттықтау

Сағыныш екен бала кез

әні жазған Әбілахат Еспаев
сөзін жазған Оспанхан Әубәкіров
 
Армандай асыл ақ дәурен,
Алыстап кетті-ау қара көз.
Алаулап атқан таңдармен,
Келмейді-ау сол бір бала кез.
 
Тырналар ұшып өткенде,
Түседі-ау еске бала кез.
Қызғалдақ көрсем көктемде,
Түседі-ау еске қара көз.
 
Аққу кеп қонса көліне,
Түседі-ау еске қара көз.
Тырналар қайтса еліне,
Түседі-ау еске бала кез.
 
Сағынған жақсы бір сәтті,
Сағыныш екен бала кез.
Есіме алсам бір шақты,
Арманым екен қара көз.
 
Армандай асыл ақ дәурен,
Алыстап қалды-ау қара көз.
Алаулап атқан таңдармен,
Келмейді-ау сол бір бала кез.



Қазақстан композиторларының әндері » Той әндері » Соңғы қосылған дүниелер »