Әнім сен едің - құттықтау

Әнім сен едің

әні Шәмші Қалдаяқовтікі
сөзі Тұманбай Молдағалиевтікі
 
Құрбым, жан құрбым, бала кезімнен,
Бақыт көріп ем қара көзіңнен.
Кеттің ұмытып, мәңгі ұмыттың,
Жібін үздің ғой нәзік үміттің.
 
Әнім сен едің кешке салатын,
Содан жас жаным ляззат табатын.
Шамын басқа үйдің жақтың, аяулым,
Сендей бақытты қайдан табармын.
 
Бақтар гүлдеді біздің қырдағы,
Жаңбыр жауды да, көктем жырлады.
Өткен күндерден бүгін жоқ белгі,
Тұрып қасыңда көрдім көктемді.
 
Тағы келді ғой, құстар ән салып,
Тұрмын соларды жалғыз қарсы алып.
Сенсіз атты таң. сенсіз батты күн,
Мәңгі ұмыттың мені шаттығым.



Шәмші әндері » Соңғы қосылған дүниелер »