Қайдасың?! - құттықтау

Қайдасың?!

әні Шәмші Қалдаяқовтікі
сөзі Нұрсұлтан Әлімқұловтікі
 
Сол бір кез есімде,
Жағасы бұлақтың.
Айлы жаз кешінде,
Сырласқан ұзақ түн.
Сүйкімді бейнеңді,
Жүректе сақтадым.
Арманым, сол жерден,
Сен едің тапқаным.
 
Тағы да сол жерге,
Оралдым қайтадан.
Әлі тұр гүлдер де,
Самал жел шайқаған.
Қол бұлғап жырақта,
Тау да тұр аңсаған.
Сен жоқсың бірақ та,
Қайдасың қалқажан?!
 
Көруге жаралған,
Сен бейне айнасың.
Өзіңсің таба алман,
Сағыныш айласын.
Көрінші, көңілге,
Қуаныш жайласын.
Аңсадым жүзіңді,
Қалқатай, қайдасың?!



Шәмші әндері » Соңғы қосылған дүниелер »