Қуаныш вальсі - құттықтау

Қуаныш вальсі

әні Шәмші Қалдаяқовтікі
сөзі Мұхтар Шахановтікі
Жадырап жанымыз,
Жарасып әніміз.
Болашақ бүгіннен басталғандай.
Нұр құйып көңілге,
Жол сілтеп өмірге,
Арман тұр асқақтап асқар таудай.
 
Қайырмасы:
 
А-а-ай, а-а-ай,
Қуаныш көрем көзіңнен.
Өзіңмен, жан құрбым,
Қосылды тағдырым,
Қосылған қос өзен секілденіп.
 
Өзің боп өлеңім,
Шаттыққа бөлендім,
Сәулешім өзіңмен танысқалы.
Теңізге телегей,
Жол тартқан кемедей,
Бойдақтық бізден де алыстады.
 
Қайырмасы:
 
Достарсыз бұл күнде,
Күн кешу мүмкін бе,
Досымыз көбейсін, келе берсін.
Жайнай бер жасқанбай,
Мөлдір боп аспандай,
Кірлетпе көңілімнің терезесін.
 
Қайырмасы:

Шәмші әндері » Соңғы қосылған дүниелер »