Мұңайма - құттықтау

Мұңайма

әні Әсет Бейсеуовтікі
сөзі Оспанхан Әубәкіровтікі
Жаз гүліндей назың қайда,
Неге, жаным, мұңайдың?
Мен сүйетін әзіл қайда,
Жадырашы шырайлым.
 
Қайырмасы:
 
Жаралғандай сағыныштан,
Қайда сенің жақсы әнің.
Жүрегіңді жарып ұшқан,
Дауысыңды аңсадым.
 
Көрмегелі айлар өтті,
Жұлдыз бардым, Ай бардым.
Ерке назың қайда кетті,
Қабағыңнан айладым.
 
Қайырмасы:
 
Жаз гүліндей назың қайда,
Неге, жаным, мұңайдың?
Мен сүйетін әзіл қайда,
Жадырашы, шырайлым.
 
Қайырмасы:

Қазақстан композиторларының әндері » Соңғы қосылған дүниелер »