Ақ бұлақ - құттықтау

Ақ бұлақ

әні мен сөзі Бәкір Тәжібаевтікі
Күндіз-түні бір тынбай,
Дала кезген шапқылап.
Құмар едім өзіңе,
Бала кезден, Ақбұлақ.
Әнге бөлеп маңайды,
Асып-тасып жатасың.
Ақ моншақтан аспанға,
Шашу шашып жатасың.
 
Қайырмасы:
 
Сенің келіп жағаңнан,
Анам талай су алған.
Сенің келіп жағаңнан,
Әкем атын суарған.
Айналайын Ақбұлақ,
Асыр салғам жағаңда.
Сенен артық өлкені,
Бұл әлемнен табам ба!
 
Арудайын еркелеп,
Мың бұралған, Ақбұлақ.
Айдын көктен ғашық боп,
Күнді ұрлаған, Ақбұлақ.
Сен болмасаң қыр гүлі,
Ашылмайды, Ақбұлақ.
Саған деген құмарым,
Басылмайды, Ақбұлақ.
 
Қайырмасы:
 
Шексіз жатқан жерімді,
Сүйіп келіп жатасың.
Бойыңдағы барыңды,
Иіп беріп жатасың.
Тынбай кезсем даламның,
Атырабын, Ақбұлақ.
Тұнығыңа ойымды,
Батырамын, Ақбұлақ.
 
Қайырмасы:


Қазақстан композиторларының әндері » Соңғы қосылған дүниелер »