"Ақ тілек" әні - құттықтау

"Ақ тілек" әні

Сөзін жазған: З. Сақиев Әнін жазған: С. Бәйтереков
  Көктем қандай шырайлы, шұғылалы, Мың құлпырып қызғалдақ құлпырады. Бақытты жан екеуміз бар әлемде, Ешкім сырын білмейді мұның әлі. Қайырмасы: Таң қаламын келбетіңе қараймын да, Ғарыштағы сәулелерден жаралдың ба? Сүйем сені, сүйем сені, сүйем сені – Оттай ыстық жүрегіммен ар алдында. Жан жүрегім елжіреп сағынғанда, Бір сен едің аңсаған таңым алда. Көзім талды жаутаңдап жұлдыздарға, Көп қарадым көк мұнар сағымдарға. Қайырмасы.

Асыл жардың аяулы ақ тілегі – Аялаған арманның тәтті лебі. Жалғыз сенің айнымас махаббатың, Тебірентті, толқытты қатты мені. Қайырмасы.

Қазақстан композиторларының әндері » Соңғы қосылған дүниелер »