"ЕГІЗ-ЛЕБІЗ" әні - құттықтау

"ЕГІЗ-ЛЕБІЗ" әні

Сөзі: Исраил Сапарбайдікі
Көгімдегі айым дейін сені, Көкшедегі қайың дейін сені, Көзден ұшып жырақта жүрсең. Шамшырағым, күнім дейін сені, Әнші бағым, гүлім дейін сені, Өзіңмен бір жұмаққа кірсем. Қайырмасы:  Келші бағыма, әлдеқайда ұшпай, келші, жаным. Қоншы қолыма, арман аппақ құстай, қоншы, жаным. Келші бағыма, қоншы қолыма, келші жаныма, кел. Сағынғанда саялайын сені, Аққуымдай аялайын сені, Айдынымда қалықта, жаным. Бала қаздай мәпелейін сені, Жаңа өмірге жетелейін сені, Жаныма ел, жабықпа, жаным. Қайырмасы Аппақ таңдай тілегім де өзің, Алатаудай тірегім де өзің, Жер бетінде қатар жүргенде. Қол ұстасып бірге күн кешейік, Қол ұстасып бірге үндесейік, Атар таң мен батар күндерде. Қайырмасы
Қосқан Ботагөз Сәдібек

Кейінгі жылдар әндері » Соңғы қосылған дүниелер »