"АНАҒА СӘЛЕМ" - құттықтау
"АНАҒА СӘЛЕМ"
Қосқан Ботагөз Сәдібек Сөзін жазған О. Иманәлиев Әнін жазған Е. Хасанғалиев Мереке күніңмен, Қарсы алам өзіңді. Сәбилік сезіммен, Арнаймын сөзімді. Қайырмасы Көргенше алаңмын, Аңсаймын, толғанам. Қабыл ал, балаңның, Сәлемін жолдаған.Бөбегің оянса, Ұйқыңнан мың тұрдың. Гүліңмен балауса, Көктемдей құлпырдың. Қайырмасы Аялап алақан, Мәпелеп өсірген. Аяулы жан анам, Қатемді кешірген. Қайырмасы Сырымды ұғатын, Өзіңсің қуатым. Күнімсің шығатын, Айымсың туатын.
Ескендір Хасанғалиев әндері » Ана туралы » Соңғы қосылған дүниелер »