Арнау дуэтінің Махаббат жыры әні - құттықтау

Арнау дуэтінің Махаббат жыры әні

Арнау дуэті
Махаббат жыры
Жігіт жырлар Жібектей,
Қозы сүйген Баяндай,
Еңлік пен Кебектей –
Махаббатым-ай!
Шапағатпен таң атқан,
Ғашықтармен санасқан,
Болсын мәңгі көк аспан.
 
Шоқ жеткен Тұрандай,
Есіп жүрген Құландай,
Табиғатпен сыңардай –
Махаббатым-ай!
Көңілі ауып адасқан,
Сезім билеп таласқан,
Сенсің маған жарасқан.
 
Махаббаттың қадірлеп заңдарын
Адамның бітпес арманы.
Осы бір әнді саған арнадым,
Өмірлік менің жан жарым.
 
Танып сені алыстан,
Серттесіп қол алысқан
Сағынышпен табысқан –
Махаббатым-ай!
Жылы жүзді сымбаттым,
Жүрек атын тулаттың,
Сүйем сені, қымбаттым.
 
Сәулесі бол күнімнің,
Сусыны бол жерімнің,
Жұлдызы бол түнімнің –
Махаббатым-ай!
Шырағы бол жырымның,
Сыңары бол тағымның,
Тұмары бол бағымның.

Кейінгі жылдар әндері » Соңғы қосылған дүниелер »